• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Президентке жазылған хаттан соң. Мұратхан Тоқмадиді түрмеден ерте босатпақ

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10 августа, 2024
Президентке жазылған хаттан соң. Мұратхан Тоқмадиді түрмеден ерте босатпақ

Ортада - Кәрім Мәсімов пен Мұратхан Тоқмади. Сол жақ шетте - Марат Жыланбаев. Сурет Мұратхан Тоқмадидің FB парақшасынан алынды

Share on FacebookShare on Twitter

Қонаев соты кәсіпкер Мұратхан Тоқмадидің түрмеден ерте босап шығу туралы өтінішін орындады. Бұл жөнінде соттың баспасөз қызметіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Мұратхан Тоқмади – БТА банк басшысы Ержан Тәтішевті Мұхтар Әблязовтің тапсырмасымен өлтірді деп айыпталып, көп жылға сотталған кәсіпкер.

Оны мерзімінен бұрын босату жөнінде сот қаулысы 26 шілдеде жарияланған, дегенмен Тоқмадидің колониядан қашан босап шығатыны белгісіз. Бұған дейін Press.kz сайты құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйене отырып, Тоқмадиді 10 тамызда босатуы мүмкін екенін жазған.

Arbat Media-ның жазуынша, Ержан Тәтішевтің туыстары кәсіпкерді ерте босататыны туралы шешімге қатты алаңдаған. Тәтішевтің отбасы биліктен шешімді мұқият қарауды өтінген.

БТА банктің басшысы Ержан Тәтішев 2004 жылы аңшылықта жүргенде оқ тиіп өлген. Сол кезде мұны сот «жазатайым оқиға» деп танып, банкирдің жанында бірге болған кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиді бір жылға соттаған. Бірақ 2017 жылы іс қайта қаралып, Мұратхан Тоқмади «Тәтішевті «ТұранӘлем» банкін иеленуді көздеген Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен өлтірдім» деген. Сот оны 2018 жылы он жарым жылға соттаған. Қазақстан соты Әблязовті «банк активтерін иемденгені үшін» сырттай өмірлік түрме жазасына кескен. Бұрынғы банкир, оппозиционер Мұхтар Әблязов Ержан Тәтішевтың өліміне қатысы жоғын, Мұратхан Тоқмадиді танымайтынын айтқан.

2022 жылы наурызда Мұратхан Тоқмади Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, істі қайта қарауды сұраған. Хатта Тоқмади қамауда отырған өзін азаптағаннан кейін тағылған айыпты «мойындауға» мәжбүр болғанын айтқан. Тоқмадидің азаптау туралы шағымы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Ізінше «азаптау» шағымы бойынша қылмыстық іс «қылмыс құрамы болмағандықтан» тоқтатылғаны белгілі болды.

Келесі
Иранның Ресейге баллистикалық зымыран кешендерін беретіні хабарланды

Иранның Ресейге баллистикалық зымыран кешендерін беретіні хабарланды

Соңғы жазбалар

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

15 ноября, 2025
Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.