• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Ақтау үкімінің күші жойылды. Шенеунік сот залында қамауға алынды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26 июля, 2024
Ақтау үкімінің күші жойылды. Шенеунік сот залында қамауға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облыстық соты 25 шілдеде «Қазселденқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа шыққан ақтау үкімінің күшін жойды. Ол сот залында қамауға алынды. Қылмыстық іс қайта сот қарауына – бірінші инстанцияға жіберілді. Істі жаңа сот құрамы қарайды. Бұл жөнінде Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Үкім күшінің жойылуына сот алқасына қойылатын сұрақтарды құрастыру кезінде кеткен қателіктер, айғақтарды бағалаудағы заңсыздықтар және үкімнің сипаттама және қарар бөлігінің сәйкес келмеуі себеп екені айтылды.

Биыл 7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «жемқорлық ісі» бойынша үкім шығарған. Сот алқасы қатысқан процестің соңында «Қазселденқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы барлық эпизод бойынша ақталып шыққан. Оның орынбасары мен Bazis Construction Infr компаниясы бөлімшесінің директоры пара алу және пара беру айыбы бойынша ұзақ мерзімге сотталған.

2022 жылы желтоқсанда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, сол кезде «Қазселденқорғау» мекемесіне жетекшілік еткен Кәрім Көкірекбаевтың ұсталғанын хабарлаған. 2023 жылы мамырда агенттік іске тартылғандар кәсіпкерлерден «аяқталған жұмыстардың актісіне қол қойғаны үшін» ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінгенін айтқан. Мәселе Қорғас пен Ақсай өзендерін қорғайтын нысандар туралы болып отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі сел, қар көшкіні қаупінің алдын алу, ол жөнінде ескерту және зардаптарын жою, сел қаупінің дәрежесін бағалау жұмысымен айналысады.

67 жастағы Кәрім Көкірекбаев 2019-2022 жылдары «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін басқарған. Оның алдында бір жарым жылдай Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болған.

Ол әр жылдары табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі орынбасары, «Air Kazakhstan Tour» компаниясы бас директоры, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бас инженері, басқарушы директоры, вице-президенті қызметтерін атқарды. 2013-2018 жылдары Жамбыл облысын басқарған.

Келесі
Олимпиада — 2024. Қазақстанға алғашқы медаль бұйырды

Олимпиада - 2024. Қазақстанға алғашқы медаль бұйырды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.