• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Қамаудағы Думан Мұхаммедкәрімнің ауруханаға жатқызылғаны айтылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
18 июля, 2024
Қамаудағы Думан Мұхаммедкәрімнің ауруханаға жатқызылғаны айтылды

Думан Мұхаммедкәрім (ортада). Abzal Dostiyar парақшасынан алынған сурет

Share on FacebookShare on Twitter

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрім ауруханаға жатқызылды деп хабарлады Азаттық радиосы Думанның адвокаты Ғалым Нұрпейісовке сілтеме жасап.

– Кеше (17 шілдеде) қабылдады, бүгін жатқызды. Қонаев қаласының көпсалалық ауруханасындағы арнайы палатада ем қабылдап жатыр. Стресске байланысты, ұзақ уақыт аштық жариялауына байланысты Думанның денсаулығы нашарлаған. Оның бауыр-бүйрегі, асқазаны ауырады. Буындарында протрузия бар. Сырқаты көп. Әзірге емдеу уақыты орташа 10 күн деп айтты. Сол жақтан сотқа баратын сияқты, – деді адвокат Ғалым Нұрпейісов 18 шілдеде Азаттыққа.

Оның сөзінше, сотта үзіліс жариялау-жарияламау мәселесі дүйсенбі күні белгілі болады.

Адвокаттың сөзінше, абақтыға қамалғанға дейін журналистің салмағы 95 кило болған, аштық акцияларынан кейін журналистің салмағы 60-қа дейін түсіп кеткен.

– Думан көп отыра алмайды. Екі-үш сағаттан артық шыдай алмайды. Белі ауырады. Аштықты тоқтатқаннан кейін шамамен бес килодай салмақ жинады. Бірақ одан артық емес. Біз оған «медициналық көмек көрсетілмесе, азаптаумен пара-пар» деп өтініш түсіргенбіз. Оны ауруханаға жатқызуға көмек берген қоғам белсенділері мен құқық қорғаушыларға рахмет, – деді адвокат.

Қамаудағы журналист бұған дейін өзінің құқығы өрескел бұзылғанын айтып, наразылық ретінде бірнеше рет аштық жариялаған. Кейбір жолы аштық акциясын талабы орындалғасын тоқтаса, бірнеше рет денсаулығына байланысты тоқтатқан. Соңғы рет өзіне қозғалған істің созылып жатқанына наразылық ретінде аштық жариялап, кейін тоқтатқан.

Ne Deidi Youtube-арнасының авторы, журналист Думан Мұхаммедкәрім «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты» деген күдікпен былтыр маусымда қамауға алынған. Іске журналистің шетелде тұратын «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі, оппозиционер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған.

Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент ҚДТ-ны «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.

Былтыр мамырда қамауға алынған журналистің ісі бойынша сот процесі биыл 12 ақпанда Қонаев қаласында басталған. Алайда алғашқы сот кезінде ол өзіне полиция қысым жасағанын мәлімдеген. Кейін прокуратура «азаптау» бабы бойынша іс қозғап, Мұхаммедкәрім ол істе жәбірленуші деп танылды. Ізінше бұл іс «дәлел жетпеуіне байланысты» тоқтаған. Қазір Қонаев қаласында негізгі іс бойынша сот жабық жағдайында жалғасып жатыр.

Журналист ісінің саясиланғанын айтқан құқық қорғаушылар Думан Мұхаммедкәрімді «саяси тұтқын» деп таныған.

Келесі
Совет өкіметін орнатқан большевиктерге көзқарас қандай болуға тиіс?

Совет өкіметін орнатқан большевиктерге көзқарас қандай болуға тиіс?

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.