• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігі. Айдос Садықов өліміне күдіктінің құжаты жарияланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11 июля, 2024
Жүргізуші куәлігі. Айдос Садықов өліміне күдіктінің құжаты жарияланды
Share on FacebookShare on Twitter

«Бәсе» телеграм-арнасы Киевте қастандықтан көз жұмған оппозициялық журналист, белсенді Айдос Садықовтың қазасына күдікті Алтай Жақанбаевқа тиесілі делінген жүргізуші куәлігінің суретін жариялады. Румыниялық құжатта жүргізушінің аты-жөні «Алекс Ким» деп көрсетілген.

Ақпаратқа қарағанда, Жақанбаев бұл құжатты Киевте жалдаған пәтер иесіне көрсеткен. Садықовтың әйелі Наталья Садықова пәтер иесімен сөйлескенін айтып, аудиожазба жариялады.

«Республика» сайтының болжамынша, Жақанбаев Украинада басқа біреудің атын жамылған болуы мүмкін және оған тиесілі делінген жүргізуші куәлігі жалған болуы ықтимал. Құжаттағы ID, жүргізушінің есімі өтірік, Румынияның құжат тексеретін сайтында ондай адамның аты-жөні жоқ болып шыққан.

Одан бөлек, басылымның жазуынша, Киевтегі Гаврилишин көшесіндегі аталған пәтерді бастапқыда Азиз Ахметов (Aziz Akhmetov) есімді адам жалға алғанға ұқсайды.

18 маусымдағы Айдос Садықовқа қастандықтан кейін Украина бас прокуратурасы осы істе екі күдікті барын хабарлады: Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев. Екеуі де Қазақстан азаматы. Күдіктілер қылмыс жасалған күні Украина аумағынан шығып кеткен. «Молдова: Актуально» телеграм-арнасы олардың 19 маусымда Молдова астанасы Кишиневтен Антальяға (Түркия) ұшып шыққанын жазды. Қазақстан билігі Жақанбаев елге оралып, өз еркімен берілді деп хабарлаған. Астана күдіктіні Киевке бермейтінін жариялаған. Ал Қаратаевтың қазір қайда екені белгісіз.

13 күн жансақтау бөлімінде жатқан Айдос Садықов басына тиген оқтан ес жимастан 2 шілдеде опат болды. Марқұм 5 шілдеде Киевтегі мұсылмандар зиратына жерленді.

Келесі
Шаңырақ үйлерін «заңсыз» деп бұзған билік Шымбұлақта заңсыз үй салған

Шаңырақ үйлерін "заңсыз" деп бұзған билік Шымбұлақта заңсыз үй салған

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.