• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қырғызстандағы селден 8 адам қаза тапты, төртеуі – қазақстандық бала

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
30.06.2024
Қырғызстандағы селден 8 адам қаза тапты, төртеуі – қазақстандық бала
Share on FacebookShare on Twitter

Қырғызстанның Ош облысында тасқын салдарынан сегіз адам мерт болған. Оның төртеуі – кәмелетке толмаған қазақстандық балалар.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Қырғызстанның Ош облысы Науқат (қырғызша Ноокат) ауданы Абшыр-Ата ауылында болған тасқын салдарынан кәмелетке толмаған төрт қазақстандық опат болған. Бұл жөнінде 30 маусым күні Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

СІМ қазіргі уақытта қазаға ұшыраған балалардың құжаттарын жедел тәртіппен рәсімдеп жатқанын айтты. Қазақстандық дипломаттар апаттан мерт болғандардың туыстарына барынша көмек көрсетуге тырысып жатыр деді министрлік.

«Жақын арада Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы қазаға ұшыраған балаларды елге жеткізеді», – деп хабарлады Қазақстан СІМ.

Қырғызстанның Ош облысында болған тасқын салдарынан опат болған қазақстандық балалардың саны төртеуге жеткені жексенбі күні түстен кейін белгілі болды. Одан бір күн бұрын Қырғызстанның ТЖМ кәмелетке толмаған екі қазақстандық қаза тауып, тағы екеуі хабар-ошарсыз кеткен деп хабарлаған еді.

Сол күні Қазақстан СІМ Қырғызстанның Ош облысында қазақстандық екі жасөспірім мерт болғанын растаған.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, Ош облысында 28 маусым түстен кейін болған тасқын салдарынан барлығы сегіз адам опат болған. Олардың алтауы – 8 бен 19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер. Науқат ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды.

29 маусым күні кешке Абшыр-Ата сарқырамасы маңындағы Абшыр-Сай демалыс аймағынан 1300-ден астам адамды эвакуациялау аяқталды. Сонымен қатар, құтқарушылар Кезарт жайлауынан 40 адамды қауіпсіз жерге алып шықты деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі..

Келесі
Құлыбаевтың адамдары жер өртеді ме? Тоқаев не деді?

Құлыбаевтың адамдары жер өртеді ме? Тоқаев не деді?

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.