• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Украинада қастандық жасады деген күдікті Қазақстанда өз еркімен қамалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
22 июня, 2024
Украинада қастандық жасады деген күдікті Қазақстанда өз еркімен қамалды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан бас прокуратурасы Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықовты атып кетті деген күдіктілердің біреуі қамалғанын хабарлады. 

Ресми басылымдардың хабарлауынша, «мемлекет басшысының тапсырмасымен» бас прокуратура 18 маусымда Киев қаласында Айдос Садықовқа жасалған қастандық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Украинаның құқыққорғау органдары оқиғадан соң қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтаған болатын.

«Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жақанбаев пен Қаратаевтың жасалған қылмысқа қатысы туралы қылмыстық істің материалдарын беру жөнінде халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады. 21 маусымда Алтай Жақанбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды» деп хабарланды ведомстводан.

Екінші күдікті Мейрам Қаратаевтың қайда жүргенін анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүріп жатқаны айтылады.

Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты 18 маусым күні үйінің жанында көліктің ішінде әлдебіреулер атып кеткен болатын.

Украина астанасында қастандыққа ұшыраған қазақстандық журналист Айдос Садықовты өлтіруі мүмкін күдіктілердің есімі аталған соң олардың біреуі Қазақстан полициясында қызмет атқарғаны хабарланды. Бірақ оны Қазақстанның ішкі істер министрлігі жоққа шығарып, мәлімдеме жасады. 

Келесі
Данияр Саламаттың қазақша түсірген фильмі Шанхай фестивалінде бас жүлдеге ие болды

Данияр Саламаттың қазақша түсірген фильмі Шанхай фестивалінде бас жүлдеге ие болды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.