• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ресейге салынған санкцияның Қазақстанның бидай экспортына әсері айтылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 июня, 2024
Ресейге салынған санкцияның Қазақстанның бидай экспортына әсері айтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресейге салынған соңғы санкциялар Қазақстанның астық экспортына кері әсер ете ме деп алаңдайтынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

— Шын мәнінде бұл бізді өте қатты жанап өтіп жатыр. Мұның кесірінен көптеген логистикалық, сауда тізбектері үзіліп қалды. Біз санкция салушы коалицияның мүшесі емеспіз және осы біржақты санкциялық саясатты қолдамаймыз. Бірақ ол санкцияны сақтаймыз. Өйткені ол бізге экономикалық тұрғыдан тиімді. Біздің экономикамыз соншалық үлкен емес. Сәйкесінше санкция түссе, қысымын көтере алмаймыз. Біздің кәсіпорындар бірінші кезекте көтере алмайды. Сондықтан біз үнемі диалог құрып келеміз. АҚШ-пен, Еуропалық одақпен жұмыс істейтін өкілдіктер бар. Мен осы жұмысты Қазақстанның ішінде вице-премьер ретінде басқарамын, — деген Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Вице-премьер Ресей астығына қойылған шектеулердің Қазақстанға әсері зерделеніп жатқанын айтады.

«Санкция саясаты әсер ететін салалар соңғы қабылданған пакеттерде көрініс тапқан. Айтарлықтай алуан түрлі деуге болады. Әзірге ол санкциялар нақты азық-түлік өнімдерін қамтыған жоқ. Бірақ Еуроодақ Ресей мен Беларус бидайына экспорт бажын салғанын білесіздер. Бұл айтарлықтай салмақты аргумент. Яғни, осы шектеулер қандай да бір жолмен бізді де жанап кетпей ме, соны анықтап алу қажет. Өйткені біз Еуроодаққа айтарлықтай көп бидай экспорттаймыз», — деді Серік Жұманғарин.

Келесі
Жоғарғы сот Айкөркем ісіндегі сотталушының үкімін жойды

Жоғарғы сот Айкөркем ісіндегі сотталушының үкімін жойды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.