• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Шымбұлақ» ТМД арасында «Ең үздік тау-шаңғы кешені» аталымында жеңімпаз атанды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
17.10.2025
«Шымбұлақ» ТМД арасында «Ең үздік тау-шаңғы кешені» аталымында жеңімпаз атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Тау-шаңғы саласының үздіктерін анықтайтын SKI BUSINESS AWARDS жүлдесінің қорытындысы жарияланды. 2024-2025 маусымының нәтижесі бойынша «Шымбұлақ» тау курорты ТМД елдеріндегі ең беделді номинация – «Ең үздік тау-шаңғы кешені» аталымында жеңімпаз болды. Сонымен қатар, биыл енгізілген жаңа номинация – «Ең үздік тау-шаңғы курортының басшысы» аталымында «Шымбұлақтың» бас директоры Ринат Абдрахмановтың еңбегі ерекше атап өтілді.

Мәскеуде өткізілген бұл байқауға биыл 50 номинация бойынша 240-тан астам үміткер қатысқан. Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімі мен ірі тау-шаңғы порталы Ski.ru ұйымдастырған ашық дауыс берумен анықталды. Үздіктерді анықтауда компаниялардың саланың дамуына қосқан үлесі ғана емес, сала жетекшілерінің жеке жетістіктері де ескерілген.

Айтай кетейік, «Шымбұлақ» ТМД-дағы «Ең үздік тау-шаңғы кешені» аталымында қатарынан үшінші жыл үздік деп танылып отыр. 2022 жылы курорт ШЫҰ елдері арасындағы «Ең үздік тау-шаңғы курорты» атағын иеленсе, өткен жылы ТМД курорттары арасында негізгі марапатпен қатар, «Ең үздік глэмпинг/кемпинг» аталымында да жеңімпаз болған.

«Өткен маусымда “Шымбұлаққа” 1,5 миллионнан астам адамның келгені – курортқа тек жергілікті ғана емес, шетелдік туристердің де қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. SKI BUSINESS AWARDS марапатының биылғы жеңісі – бұл команданың кәсіби жұмысының, инфрақұрылымды дамыту және қызмет сапасын арттыру жолындағы еңбегінің нәтижесі. Мұндай беделді марапаттар өңіріміздегі өзге де тау-шаңғы курорттарына серпін беретіні анық», – деді Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы Андрей Кукушкин.

SKI BUSINESS AWARDS жүлдесі 2018 жылы тау-шаңғы индустриясының кәсіби мамандарын ынталандыру және саланың беделін арттыру мақсатында тағайындалған. Жыл сайын бұл марапатқа «Роза Хутор», Oi-Qaragai Mountain Resort, «Эльбрус», «Красная поляна», «Шерегеш» сияқты әйгілі курорттар үміткер болып келеді. «Шымбұлақтың» кезекті рет ТМД аумағында үздік курорт деп танылуы Қазақстандағы тау-шаңғы саласының жоғары әлеуетін және елдің туристік беделін арттыруға қосқан үлесін айқын көрсетіп отыр.

Келесі
Қилы кезең: Желтоқсан шындығын бірінші айтқан Мұхтар Шаханов па? 

Қилы кезең: Желтоқсан шындығын бірінші айтқан Мұхтар Шаханов па? 

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.