• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қауіп төндіретін мәлімет». Ресей саяси қуғын-сүргін істерін жауып тастады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
7 октября, 2025
«Қауіп төндіретін мәлімет». Ресей саяси қуғын-сүргін істерін жауып тастады
Share on FacebookShare on Twitter

Ресей мұрағат агенттігі (Росархив) зерттеушілерді ел мұрағаттарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігінен айырды. Құжаттарға «қызмет бабында қолдану үшін» деген белгі қойылған болуы ықтимал. Бұл туралы «Коммерсантъ» басылымына сілтеп, Азаттық радиосы хабарлады.

Басылымның жазуынша, бұл қадамның нақты себебі белгісіз. Бірақ газет бұл шешімді Росархивтің наурыздағы бұйрығымен байланыстырады. Сол бұйрықта құжаттарға «қызмет бабында қолдану үшін» белгісін қою тәртібі қарастырылған.

Агенттіктің айтуынша, мұндай құжаттар туралы мәліметтер құпияландырылған. Бірақ агенттік сөйте тұра құжаттарды құпияландыру жөніндегі комиссия бұл мәселені әлі қарастырмағанын мәлімдеп отыр. Бұған қарағанда, құжаттарды түпкі шешім қабылдамай тұрып жауып тастаған.

Росархивтің мәлімдеуінше, жабық құжаттар тізімі бекітілген, бірақ жарияланбаған, өйткені тізімнің өзі құпия.

Росархивке құпия емес құжаттарды жабуға былтырғы үкімет қаулысы мүмкіндік беріп отыр. 2024 жылы Ресей үкіметі қолжетімділігі шектеулі қызметтік ақпарат туралы қаулы қабылдаған. Онда «Ресей Федерациясы мүддесіне қауіп төндіретін мәліметтердің таралуын» шектеуге болатыны жазылған.

Мәскеулік адвокат Владимир Редекоп президент әкімшілігіне хат жазып, бұл шешімнің себебін сұраған. Әкімшілік жауап беріп, бұл қадамға «дос емес елдердің бұрын-соңды болмаған экономикалық, саяси және ақпараттық қысымынан» барғанын айтқан.

Кремль дос емес елдер мен аумақтардың теріс мақсатта пайдалануына жол бермеу үшін мұрағаттағы мәліметтерді қорғау керек деген.

Келесі
Әлиев түркі елдерінің біріккен әскери жаттығуын өткізуді ұсынды

Әлиев түркі елдерінің біріккен әскери жаттығуын өткізуді ұсынды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.