• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16 сентября, 2025
Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді
Share on FacebookShare on Twitter

Біріккен ұлттар ұйымының комиссиясы тәуелсіз зерттеу жүргізіп, Израиль Газа секторында палестиналықтарға қарсы геноцид жасап жатыр деген шешімге келді. Бұл туралы комиссияның есебінде айтылады.

Азаттық радиосының хабарлауынша, комиссия Израиль Газа секторында Геноцид туралы конвенцияда геноцид әрекеттері деп көрсетілген бес әрекеттің төртеуін жасады деп санайды. БҰҰ-ның тобы анықтаған әрекеттер: палестиналықтарды өлтіру, оларға физикалық және психикалық жапа шектіру, адамдарды толық я жартылай жойып жіберуге әрекет жасау және бала тууды тоқтатуға әрекеттер жасау.

Америкалық Sky News арнасы «БҰҰ-ның органдары мұндай айыптауды бірінші рет ашық жариялағанын» атап өткен.

Израиль сыртқы істер министрлігі комиссияның құжатын «ХАМАС-тың өтірігіне құрылған фейк есеп» деп атады.

«Израиль бұрмаланған әлі жалған есепті жоққы шығарып, тергеу жүргізген комиссияны таратуға шақырады» деді елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде.

2023 жылы ОАР елі Израильді геноцидке айыптап, БҰҰ-ның Халықаралық сотына шағымданған. Бірақ бұл іс бойынша шешім бірнеше жылдан кейін шығуы мүмкін.

Тамызда БҰҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша бөлімі Газаны аштық жайлағанын алғаш рет растаған. Ұйым Газа жарты миллионнан аса адам қазір «аштықпен, кедейлікпен және өліммен бетпе-бет келді» деп мәлімдеді. Ал БҰҰ басшысы Антонио Гутерреш Газадағы жағдайды «адамның қолымен жасалған апат және адамдықтан аттау» деген еді. Израиль бұл мәлімдемені де «ХАМАС-тың өтірігіне құралған» есеп деген.

Газа секторын бақылап отырған ХАМАС ұйымын АҚШ, ЕО және Израиль террорлық ұйым деп таныған.

Келесі
Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Сот министрліктің өтінішіне орай БАҚ шағымын қарауды тоқтатты

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.