• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 сентября, 2025
«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды
Share on FacebookShare on Twitter

4 қыркүйекте ұсталды делінген премьердің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің бүгін, 5 қыркүйекте кездесу өткізгені жайында хабарланды. Бұл туралы ресми сайтта жария болды. Бірақ хабарлаған кездесудің дәл бүгін өткізілгені, әлде бұған дейін өткізілгені белгісіз.

Мәліметке қарағанда Мұрат Нұртілеу «Harvest Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Алмаз Алсеновпен кездесу өткізген. Кездесудің бірнеше суреті де жарияланған.

Тараптар агро-индустриялық кластерді құру барысын талқылаған. Алғашқы кезеңде инвестициялық жоба Жетісу мен Алматы облыстарын қамтып, 150 мың гектар шалғайдағы және тыңайған жерлерді суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына айналдыруды көздейді. Жалпы, жобаны жүзеге асыру аясында заманауи су үнемдеу жүйелерін қолдана отырып, 300 мың гектар жерді игеру жоспарланған.

Министр жобаны одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ компанияның Қазақстанның бірқатар өңірлерінде туризм және спорт салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары белгіленгені хабарланды.

СІМ басшысы бұл жобалардың ішкі және кірме туризм үшін, сонымен қатар экономиканы әртараптандыру үшін өсу мүмкіндігіне айналу әлеуеті бар екенін баса айтты делінген ресми мәліметте.

4 қыркүйекте Orda сайты құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сілтеп, «сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, бизнесмен Гаджи Гаджиев және ҰҚК-ның жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталғанын» жазған еді.

Іле-шала мәдениет және ақпарат министрі Балаева Facebook желісіндегі жазбасында мұны «расталмаған ақпарат» деп, жалған ақпарат таратқан үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік барын ескерткен.

ҰҚК да өз қызметкерлеріне қатысты ақпаратты «шындыққа жанаспайтынын» мәлімдеген.

Артынша сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жайлы ақпарат «шындыққа сәйкес келмейді,»- деп мәлімдеген. Ал орталық коммуникациялар қызметіндегі жалған ақпаратпен күрес орталығы да Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны жөнінде ақпаратты терістеген.

Ал Orda сайты лауазымды тұлғалардың ұсталғаны жайлы ақпаратты толықтырып жариялап отыр. «Ұсталды» деген тұлғалар болса, ауызша, не жазбаша өздеріне қатысты мәлімдеме жасамаған.

Келесі
Президент тағы референдум ұсынып, қандай нәтиже күтетінін айтты

Президент тағы референдум ұсынып, қандай нәтиже күтетінін айтты

Соңғы жазбалар

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

6 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.