• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда жолаушы өзін-өзі өртеді. Жағдайы өте ауыр

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26 августа, 2025
Алматыда жолаушы өзін-өзі өртеді. Жағдайы өте ауыр
Share on FacebookShare on Twitter

25 тамыз күні Алматы әуежайында бір ер адам өз-өзіне от қойды. Оқиға әуежайдың «T-1» терминалындағы кассаның жанында сағат 22:06-да болған. Бұл туралы көліктегі полиция департаментіне сілтеп Kazinform агенттігі хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, полицейлер мен әуежай қауіпсіздік қызметі өртті сөндіріп, жедел жәрдем қызметін шақырған. Соңынан ер адам ауруханаға жеткізілген.

«Аталған дерек бойынша Көлік полициясы департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр» деп келтірді агенттік көліктегі полиция департаментінің мәлімдемесін.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қара күрте, кепка киген ер адам байқалады. Бір сәттен соң ол отқа оранып кассадан жүгіріп шығады да, полиция қызметкерлері өртті сөндіріп жатқаны көрінеді.

Tengrinews басылымының жазуынша, науқас қаладағы №4 аурухананың жан сақтау бөліміне түскен. Жағдайы өте ауыр. Ал аталған ауруханаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылады.

Мәліметтерге қарағанда, оқиға әуежай қызметіне әсер етпеген сияқты.

Биыл наурызда Алматы әуежайында Машрапбек Баратов дейтін ер азамат әуежайдағы инспектор әйелді кепілге алып, оған жұрт көзінше пышақ кезеген. Оқиға куәгері Мұса Әбдірайым кепілдікке өзін ұсынып, артынан пышақты жұлып алды. Баратов «бұзақылық», «кісіні кепілге алу», «терроризм туралы жалған ақпарат тарату» бойынша 10 жыл 6 айға сотталды. Алдыңғы өтелмеген жазасымен бірге түпкілікті жазасы 11 жылға созылмақ.

Келесі
Не блогер бол, не депутат бол! Мәжіліс депутаты Ерлан Саировқа үндеу

Не блогер бол, не депутат бол! Мәжіліс депутаты Ерлан Саировқа үндеу

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.