• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
3 апреля, 2025
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді
Share on FacebookShare on Twitter

3 сәуірде Қазақстан сауда және интеграция министрлігі АҚШ президенті жариялаған баж салығына реакция білдірді.

Бір күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің 185 елінен келетін импорттық тауарларға, арасында Қазақстан да бар, баж салығын енгізетінін мәлімдеген. Көбінің мөлшері 10 пайыздан көп. Қазақстаннан АҚШ-қа баратын тауарларға 27 пайыз баж салығы енгізілетіні айтылған.

Министрліктің мәлімдеуінше, Трамп айтқан жаңа тариф Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауарлардың едәуір бөлігіне әсері болмайды. Өйткені олар “АҚШ әкімшілігінің нормативтік актілерінде көзделген ерекшеліктер тізіміне енгізілген”.

“Қабылданған тарифтік шаралар Қазақстанның АҚШ-қа жалпы экспортының тек 4,8 пайызына ғана әсер етеді. Үкімет Қазақстанға қатысты қосымша баждарды қолданбау мүмкіндігін талқылау үшін АҚШ тарапымен консультациялар жүргізуге ниетті” деп жазылған ресми хабарламада.

Ведомствоның айтуынша, Қазақстаннан АҚШ-қа негізінен шикі мұнай, уран, күміс, ферросплав және өзге де тауар экспортталады.

«Бұл санаттағы өнімдер АҚШ президентінің «Тауар саудасындағы маңызды және тұрақты тапшылықты жою мақсатында өзара тариф арқылы импортты реттеу туралы» жарлығы бойынша ерекшеліктер тізіміне енгізілген тауарлардың 92 % құрайды» деп жазылған ведомство хабарламасында.

Трамп жариялаған баж салығы Қазақстаннан АҚШ-қа баратын төмендегідей тауарларға қатысты:

  • фосфор (2024 жылы экспорт көлемі 15,9 млн АҚШ доллары)
  • ферросилиций (12,7 млн АҚШ доллары)
  • линзалар (4,1 млн АҚШ доллары)
  • бидай клейковинасы (4 млн АҚШ доллары)
  • аммоний нитраты (2,4 млн АҚШ доллары);

2024 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында тауар айналымы $4,2 млрд болған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық (4,1 млрд АҚШ доллары). Қазақстанның АҚШ-қа экспорт көлемі 2024 жылы 30,6%-ға артып, $2 млрд жетсе, АҚШ-тан Қазақстанға импорт көлемі $2,2 млрд болған.

Келесі
Самарқандағы саммитте Еуропа 12 млрд еуролық «Ғалам қақпасын» ұсынды

Самарқандағы саммитте Еуропа 12 млрд еуролық "Ғалам қақпасын" ұсынды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.