• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тасмағамбетов әлеуметтік желідегі сынға жауап беріп, елді айтпен құттықтады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
1 апреля, 2025
Тасмағамбетов әлеуметтік желідегі сынға жауап беріп, елді айтпен құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов өзін «ресейшіл» дегендерге жауап беріп, видеомәлімдеме жасады. Көптен бері Қазақстанның ақпарат кеңістігінде көрінбей кеткен экс-премьер тек қазақ тілінде, ақын-жазушылардан цитата келтіріп, мақал-мәтел араластыра сөйледі. Ту сыртында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің тулары тұр.

Азаттық радиосының хабарлауынша, 6 минуттық видеоүндеу Иманғали Тасмағамбетовтің қандай да бір ресми байланыс арнасынан емес, әлеуметтік желідегі парақтарға тарады.

Бұған дейін оның осы қызметте жасаған бірнеше мәлімдемесін көпшілік «Кремльмен үндес» деп сынаған. Әсіресе, Тасмағамбетовтің «Еуропа Украинаға бітімгер әскерін кіргізсе, ҰҚШҰ Ресейге түрлі көмек ұсынуға дайын» деген сөзі қатты сынға қалған. Саясаткерді «қазақтарды соғысқа тартпақ» деп кінәлағандар да болды. Тасмағамбетов мұны видеоүндеуінде «қасаң әңгіме» деп атады.

«Туған жеріне салмағы жоқ, жел айдаған дәнсіз қауыз сияқты кейбір бақытсыз жандар үшін мен «ресейшіл», «сатқын» екенмін. Сонда қалай? Келісім сөздің күші емес, зымыранның мысы басып тұрған мына заманда халықаралық әскери ұйымға туған елімнің атынан барып, қауіпсіздік үшін отқа, мүдде үшін суға түскенім үшін бе?»- деп ашулана сұрақ қояды Тасмағамбетов. Бірақ ол видеода әлеуметтік желідегі жұртты жалпылай айтқанымен, ешкімнің аты-жөнін атаған жоқ.

Тасмағамбетов сөзінде Ресейдің Украинаға ашқан соғысын мақтамайды да, сынамайды. Тек «адамзатқа төніп тұрған» әлдебір «соғыс қаупі» туралы айтады.

«Бұл соғыста жеңімпаз болмайды. Бәрі де жеңіледі. Мұндай жағдайда біреудің сойылын соғу нағыз соқырлық, ал өз ұлтына соғыс тілеу қаніпезерлік болар еді», – деді Тасмағамбетов.

Ол «тәуелсіз Қазақстанның дамуына аз да болса, үлес қосқанын, осы жолда талай сый да, сын да көргенін» айтады. Екінші дүниежүзілік соғыста әкесінің екі ағасы қаза тапқанын, соғыс зардабын білетінін, сондықтан халықты соғысқа тартуы мүмкін емесін айтады. Ол өзіне сеніп тапсырылған қай қызмет үшін болса да ұялмайтынын, халық мүддесін әрдайым жоғары қоятынын ескертеді.

Сөз соңында Тасмағамбетов елді Ораза айтпен құттықтады.

Қазақстанның 30 жылдық тарихында артынан жағымды-жағымсыз әр түрлі сөз ерген саясаткерлердің бірі, осы – Иманғали Тасмағамбетов. Ол премьер-министр болғанда да, Атырау облысының, Алматы мен Астана қалаларының әкімі болған кезде, қорғаныс министрлігін басқарғанда, Ресейге елшілікке кеткенде де баспасөзден түскен емес.

Зиялы қауым мен рухани ортаға жақын саясаткер 2006 жылғы Алматыдағы «Шаңырақ» оқиғасына байланысты талай сын естіді. Оның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты «рухани ұстаз», өзін «Назарбаевтың өнімімін» деп атағаны да көпке белгілі.

Келесі
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.