• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Депутат бармаған дрондар құлаған аймақ. Батыста енді дрон бөлшектері табылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
27 марта, 2025
Депутат бармаған дрондар құлаған аймақ. Батыста енді дрон бөлшектері табылды
Share on FacebookShare on Twitter

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсайтын заттар табылды. Бөлшектердің елді мекеннен аулаққа құлағаны айтылады. Бұл туралы мәліметті 26 наурызда облыстық полиция департаменті де растаңве. Әзірге табылған бөлшектердің суреті немесе видеосы жарияланған жоқ.

БҚО полициясы уәкілетті органдармен бірлесіп «Жәнібек ауданынан табылған пилотсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттарды тексеру шараларын жүргізіп жатқанын» айтты.

Ресеймен шектесетін БҚО аумағында биыл осымен төртінші рет кімге тиесілі екені белгісіз ұшу аппараты табылып отыр.

24 наурызда Жанібек ауданы аумағынан дрон бөлшектеріне ұқсас заттар табылған.

18 наурызда тағы бір дрон Тасқала ауданы аумағына құлағанын Атамекен ауылының тұрғындары хабарлаған. Заттың ұзындығы – 300 см.

18 ақпанда Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылының маңына ұшатын аппарат құлаған.

Құзырлы орындар бұл оқиғаларға байланысты әлі күнге дейін қоғамға толымды ақпарат бермей отыр. 26 наурызда Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Азаттық Азия агенттігінің сұрағына берген жауабында «барлық фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын» ғана айтты.

BES.media басылымы Ұялыда табылған дронның пішіні Ресейдің «Орлан-10» дронына ұқсас деп жазды. «Рособоронэкспорт» сайтының мәліметінше, мұндай дрон жер мен су бетін қашықтан бақылауға, GSM базалық станциялары мен ұялы байланыс желілерін анықтауға арналған.

Батыс Қазақстан облысы аумағынан 18 ақпан мен 18 наурызда табылған дронға ұқсайтын екі заттың фотолары әлеуметтік желіде жарияланған.

Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарында бұрын әскери зымыран қалдықтары бірнеше рет табылған. Ресейдің Астрахан облысында Капустин Яр әскери полигоны орналасқан. 2018 жылы жазда Батыс Қазақстан өңіріне құлаған зат сол полигоннан ұшырылған зымыранның бөлшегі екені анықталған.

Қазақстанға дүркін-дүркін құлаған дрондар жайлы қорғаныс министрлігі өкілі мәлімет таратқанымен, онда нақты ақпарат айтылмаған. Дрон қай елдікі, қашан, қалай құлаған, оның жауапкершілігі кімде — бұл туралы ақпарат жоқ. Министрлік тек қана тексеру жүріп жатқанын хабарлаумен шектелген. Журналистер 27 наурызда депутаттардың да пікірін білмек болғанда, олар да жалпылама жауап берген. Ал оқиға орнына барған депутаттар болмаған.

Келесі
Жамбылдағы зілзаланың салдары қандай болғаны хабарланды

Жамбылдағы зілзаланың салдары қандай болғаны хабарланды

Соңғы жазбалар

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

6 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.