• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ресейден қорғану. Украина 1 айға атысты тоқтата тұруға көнді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13 марта, 2025
Ресейден қорғану. Украина 1 айға атысты тоқтата тұруға көнді

Фото: Ермактың телеграм арнасы

Share on FacebookShare on Twitter

Киев пен Вашингтон Сауд Арабиясының Джидда қаласында тұрақты бейбітшілікті қалпына келтіру бойынша қадамдар жасады деп жазылған Украина президентінің сайтында жарияланған қорытынды мәлімдемеде. Азаттықтың хабарлауынша, келіссөз тоғыз сағатқа созылған.

Онда Киев Американың көмегін, оның ішінде барлау ақпараттарымен алмасуды да қайта қалпына келтіру мақсатында Ресеймен 30 күндік атысты тоқтатуға келіскені жазылған. Украина президенті Владимир Зеленский атысты тоқтату ұсынысы әуе мен теңізге ғана емес, тұтас майдан шебіне қатысты екенін айтты.

Тараптар сонымен бірге қысқа уақыт аралығында сирек металл бойынша да келісімді бекітуге келіскен.

Делегация келіссөз тобын жасақтап, Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұрақты бейбітшілікті орнату бойынша келіссөзді дереу бастауға келіскен.

«АҚШ Ресейге ұсынысқа келісу бейбітшілікке қол жеткізудің кілті екенін жеткізеді» деп жазды келіссөзден кейін Украина делегациясының басшысы және Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак X желісінде.

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясындағы келіссөзден кейін «Ресей атысты тоқтатуға келіседі деп үміттенемін» деді. Трамп сонымен бірге Владимир Зеленскийді Ақ үйге қайта шақыруға дайын екенін жеткізді.

Трамптың сөзінше, АҚШ пен Ресей арасында Украинада атысты тоқтату бойынша келіссөз 11-12 наурызда өтеді. Бірақ келіссөз құрамы туралы президент айтпады.

АҚШ президенті осы аптада Ресей басшысы Владимир Путинмен сөйлесе ме деген сұраққа “үміттенемін” деп қысқа қайырды.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц кездесуден кейін Украина делегациясы кездесу кезінде соғысты аяқтау бойынша нақты қадамдар мен ұсыныстарын жеткізгенін айтты.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт өз кезегінде Америка мен Украина арасындағы келіссөз конструктивті әрі позитивті өткенін жеткізді.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да Мәскеу жақын арада АҚШ өкілдерімен келіссөз өткізетінін жоққа шығармады.

Келесі
Ғасыр дауы. Рахмон мен Жапаров шекара келісіміне қол қойды

Ғасыр дауы. Рахмон мен Жапаров шекара келісіміне қол қойды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.