• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зейнеткерлікке жол. АҚШ елшісі дипломатиядағы қызметін Қазақстанда аяқтады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
18.01.2025
Зейнеткерлікке жол. АҚШ елшісі дипломатиядағы қызметін Қазақстанда аяқтады
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм дипломатиядағы қызметін Қазақстанда аяқтап, еңбек демалысына шығып отыр.

«АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін атқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл достықты нығайту, серіктестіктерді қалыптастыру және екі ел арасындағы байланысты күшейтуде бірлескен жұмыс жүргізу сияқты керемет үлкен жол болды. Бұл тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде шынайы жол болды, — деп жазған Дэниел Розенблюм Instagram парақшасында.

АҚШ елшісі қазақ тілінде үндеу жолдаған

«Құрметті Қазақстан халқы, менің құрметті достарым мен әріптестерім. Сіз білетіндей, жан-жақты ойлана келе, мен 20 қаңтардан бастап Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінен зейнетке шығу шешімін қабылдадым. Бірнеше айдан кейін АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі 28 жылдық қызметтен кейін зейнетке шығамын. Өткен жұма күні мен Қазақстанның барлық 17 өңірін аралап шықтым деп мақтанышпен айта аламын. Қайда барсам да, түрлі сала мен кәсіп мамандарымен жүздестім, барған жерімде мені қонақжайлықпен қарсы алды. Мені құшақ жая қарсы алып, өздерінің тарихымен, дәстүрімен ашық-жарқын бөліскені үшін мен Қазақстан халқына дән ризамын. Қазақстанда көрсеткен ыстық ықыластарыңыз бен қонайжайлылықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметіне серіктестік үшін шынайы ризашылығымды айтамын. Біз бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Екі ел арасындағы сауда байланыстарын кеңейтіп, білімді насихаттадық, әйелдер мен жастарды қолдадық. Сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасын бірге дәріптедік. Бірлескен күш-жігерімізбен бейбітшілік, қауіпсіздік және экономикалық өркендеу сияқты ортақ мақсаттарымызға айтарлықтай ілгері бастық,» — деп дипломат қазақстандықтарға алғыс айтты.

63 жастағы Дэниел Розенблюм АҚШ-тағы Дональд Трамп президент болып сайланған сайлаудан тура бір айдан соң, 5 желтоқсанда өзінің Мемклекеттік департаменттегі 28 жылдық қызметін аяқтап, еңбек демалысына шығатынын жариялаған болатын. Ол 2022 жылы Қазақстандағы елші болып тағайындалғанға дейін Өзбекстандағы елші қызметін атқарған.

Келесі
47 президент. Тағы сайланған Трамп қызметіне кірісті

47 президент. Тағы сайланған Трамп қызметіне кірісті

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.