• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент министріне АЭС-тің құрылысы жайлы айта бастады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23 декабря, 2024
Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

АЭС Франция

Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23 желтоқсанда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, елдегі атом электр станциясының құрылысын тездетудің маңызын айтқан. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Сәтқалиев энергетика министрлігінің жұмысы, елдегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалар жөнінде есеп берген.

Ақорданың хабарлауынша, Сәтқалиев Тоқаевқа елдегі жылыту маусымы қалай жүріп жатқанын айтқан. Тоқаев жылыту маусымын бақылауда ұстауды, энергетика инфрақұрылымын жаңартуға байланысты жобаларды іске асыруды тапсырған.

Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда биыл 6 қазанда өткен референдумда дауыс бергендердің 71 пайызы елде АЭС салуды қолдаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС-ті халықаралық консорциум салуы керек деп мәлімдеген. Астана АЭС салу бойынша Ресей («Росатом»), Қытай (CNNC), Франция (EDF) мен Оңтүстік Корея (KHNP) компанияларын қарастырып жатыр.

Алмасадам Сәтқалиев Францияға, Оңтүстік Кореяға, Қытайға ресми сапармен барып, энергетика саласындағы мамандармен, компания өкілдерімен жолыққан. Тараптар Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасына қолдау көрсетуге дайын екенін айтқан.

Биыл қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға сапарында Тоқаевпен АЭС туралы талқылағанын айтқан. Оның сөзінше, Ресей Қазақстанмен осы бағытта әріптестік орнатуы әбден мүмкін. Путин «Росатомды» мақтап, қазір ол көптеген елде АЭС салып жатыр деді.

Энергетика министрлігі бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы маңында қуаты 2-ден 2,8 гигаваттқа дейін болатын атом электр станциясының құрылысы қаралып жатыр, сондай-ақ компаниялармен келіссөз жүріп жатыр, үкіметаралық комиссия құрылды деді.

Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндірушілердің бірі. Уран АЭС-ке отын ретінде пайдаланылады.

Елде АЭС бойынша халық пікірі әртүрлі. АЭС салуды жақтаушылар негізінен энергия тапшылығын алға тартса, АЭС-ке қарсылар атом станциясының қоршаған ортаға әсері мен өзге елдің технологиясына тәуелділік артуы мүмкін дейді.

Келесі
Кремльден хабар. Қазақстан 2025 жылдан бастап БРИКС-ке «серіктес» бола қалды

Кремльден хабар. Қазақстан 2025 жылдан бастап БРИКС-ке "серіктес" бола қалды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.