• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жылына — 34 мың 400 шамалы адам. Тәуелсіздіктен бері елге оралған қандастар саны аталды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25 июня, 2024
Жылына — 34 мың 400 шамалы адам. Тәуелсіздіктен бері елге оралған қандастар саны аталды
Share on FacebookShare on Twitter

1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 135,7 мың этникалық қазақ оралған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми мәлімет таратты.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, 7 353 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (49,4 пайыз) Қытайдан, 6,3 пайыз — Түрікменстаннан, 5,4 пайыз — Моңғолиядан, 34,4 пайыз — Өзбекстаннан, 3,2 пайыз — Ресейден және 1,3 пайыз басқа елдерден.

Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны — 59,1 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші — 31,2 пайыз және зейнеткерлер 9,7 пайызды құраған.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,9 пайызы — жоғары білімді, 22,6 пайызы — орта кәсіби білімді, 55,3 — пайызы жалпы орта білімді, және 5,2 пайызының білімі жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған. Сонымен қатар, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы — 2 433 адам.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1697 қандас қоныс аударды. Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге — бір жыл ішінде 15-тен — 30 АЕК (55,3 мың теңгеден — 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде қолдау көрсетіледі.

33 жылда 1 млн 135,7 мың адам келсе, жыл сайын орта есеппен келген қандастардың саны шамамен 34 мың 400 шамалы адамды құрайды.

Келесі
Санкция салдары. АҚШ Ресейге көмектескен Қазақстандағы фирмаға шара қолданды

Тағы бір қазақ компаниясы ЕО санкциясына ілікті

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.