• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Иранда қазақтар тұратын Горган маңына зымырандар түсіп жатыр. «Қазақ-махалла» аман

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
20 июня, 2025
Иранда қазақтар тұратын Горган маңына зымырандар түсіп жатыр. «Қазақ-махалла» аман
Share on FacebookShare on Twitter

20 маусымға ауған түні Ирандағы қазақ диаспорасы мекендейтін Горган маңына зымырандар түсті. Бұл туралы Аramedia арнасына Иран қазақтары хабарлады.

Жергілікті адамдардың жіберген видеосына қарағанда, қаланың аспанында зымырандар жарқылы көрініп, дыбысы естілген. Кадр сыртындағы адамдар бұл көріністі бір сағаттан бері тамашалап отырғанын айтады. Зымырандар әзірге қаланың ішіне түспеген сияқты. Болжамдарға қарағанда Гүлстан провинциясының орталығы Горган қаласы маңындағы әскери гарнизондар нысанаға алынуы мүмкін.

Бұл төңіректе ядролық нысандар жоқ деп есептеледі. Бұған дейін Каспий бойын жағалай жатқан солтүстік провинциялар мен шығыс аймақ нысанаға алынбаған еді. Иран қазақтары әзірге өз арасы аман екенін, жалпы осы қалада қазақтар мекендейтін «Қазақ-махалла» маңы тыныш екенін айтады. Дегенмен олар өз алаңдаушылықтарын білдіріп, жағдай ушығып кетсе, Қазақстан жағы өздеріне атамекенге жетуге жәрдемдесе ме деп үміттенетінін айтады.

Тегераннан шығысқа қарай 400 шақырым қашықтықта орналасқан Горган — Ирандағы қазақ диаспорасы ең көп шоғырланған қала. Тұтас тұрғындар саны 300 мыңнан астам деп шамаланады. Гүлстан провинциясындағы халық саны 1 млн 600 мыңнан асады. Қазақтар провинциядағы Бәндар Түркімен, Аққала және Гүмбед қалаларында да орналасқан. Бұл провинцияда қазақтардан басқа түркімендер мен күрдтер шоғырланған. Ирандағы қазақтардың тұтас саны 3-4 мың деп шамаланады.

13 маусымда Израиль Иран қалалары мен ядролық нысандарын зымыран соққысына алды. Иран да қарымта зымыран шабуылын жасап, екі тарап әлі кезек-кезек атысып келеді. Екі жақтан да адам шығыны бар. Израиль Иран ядролық қаруға қол жеткізеді деп қауіптенсе, Иран өздерінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.

Келесі
Иран-Израиль қақтығысына АҚШ араласты. Тегеранның жауабы қандай болмақ?

Иран-Израиль қақтығысына АҚШ араласты. Тегеранның жауабы қандай болмақ?

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.