• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Маңғыстаудағы жұмысшылар ереуілге шықты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25.06.2024
Маңғыстаудағы жұмысшылар ереуілге шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Маңғыстау облысында «Жалғызтөбемұнай» компаниясының жұмысшылары 24 маусымда жұмысты тағы тоқтатты. Олар компания әкімшілігі жұмысшылардың талабын орындамай, кейбір қызметкермен еңбек шартын бұза бастады дейді. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлап отыр.

Жұмысшылар наразылыққа шықпас бұрын, 17 маусымда компания басшылығына ескерту жіберген. Компания өкілдері оларға «талаптарыңыз заңсыз» деп жауап берген.

Өткен айда компанияның 40 шақты жұмысшысы қызметтен заңсыз шеттетілгенін айтып, наразылыққа шыққан. Басшылық оларды «тиісті сертификат жоқ» деген негізбен шеттеткен. Өздерінде бар еңбек куәлігін жарамсыз деп тапқан. Жұмысшылар жұмысқа қайта алуды, жұмыс куәлігін жарамды деп тануды талап еткен. Он күндей ереуілден соң компания жұмысшыларды келіссөзге шақырып, наразылық тоқтаған.

Бірақ, жұмысшылар сөзінше, басшылық кейін де позициясын өзгертпей, таяуда қызметкерлермен келісім-шартты үзуге қайта кіріскен. «Өткен айда наразылар қатарында болған бір адамды жұмыстан шығарды» дейді жұмысшылар.

Азаттық «Жалғызтөбемұнай» компаниясының басшылығына да хабарласқан екен. Қабылдау бөлімі «компания басшысы Серік Серікбаев еңбек демалысында» деп жауап берген. Ал әкімшілік құрамына кіретін, наразы жұмысшылармен сөйлесіп жүрген екі адам Азаттыққа «бұл дауға Серікбаевтан басқа ешкім пікір білдіре алмайды» деген.

Мамырда Азаттық жұмысшылар ереуілі бойынша компаниядан пікір алу үшін олардың нөмірлеріне бірнеше рет хабарласқан екен. Сол кезде қоңырауларға жауап берген қызметкер компания басшысы, оның орынбасары мен заңгер орнында жоқ деп мәлімдеген еді.

«Жалғызтөбемұнай» жұмысшылары 2021 жылы да әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап етіп наразылыққа шыққан. Кейінгі бірнеше жылдан бері олар ұжымдық шарт жасауды, жалақыға сыйақы мен декреттік төлемдерді қарастыруды талап етіп келеді.

Бірнеше қызметкердің «тиісті сертификаты жоқ» деген негізбен жұмыстан шығарылғанын бұған дейін аудандық еңбек инспекциясы басқармасы растаған.

Жалғызтөбе кен орнында 120-ға жуық адам істейді, басым бөлігі — қатардағы қызметкер. Кен орны Бозащы түбегінің солтүстік-батысында орналасқан. Облыс орталығы Ақтау қаласына дейін — 240 шақырым. Кен орны әкімшілік орны жағынан Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарайды.

Келесі
Жылына — 34 мың 400 шамалы адам. Тәуелсіздіктен бері елге оралған қандастар саны аталды

Жылына - 34 мың 400 шамалы адам. Тәуелсіздіктен бері елге оралған қандастар саны аталды

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.