• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Жамбылдағы зілзаланың салдары қандай болғаны хабарланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
30.03.2025
Жамбылдағы зілзаланың салдары қандай болғаны хабарланды
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысындағы екі ауданда зілзала салдарынан17 әлеуметтік нысан бүлінген. Оның ішінде 11 білім беру, 2 — денсаулық сақтау, 2 — әлеуметтік қорғау, 1 — спорт және 1 — мәдениет нысаны бар. Жекелеген үйлер де зардап шеккен. Қабырғалары шытынаған, сылағы түскен.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бастаған үкіметтік комиссия Т.Рысқұлов ауданындағы зардап шеккен тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды аралаған кезде айтылған.

Ауыл мектебі ғимаратының да бүлінген жерлері анықталды.

Құрамына облыс әкімдігінің, сейсмологиялық бақылау және зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының, сондай-ақ түрлі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылды.

Мерке және Т.Рысқұлов аудандарының ауылдық елді мекендерінде комиссия мүшелері ғимараттар мен тұрғын үйлерді аралап, жай-күйін көзбен көріп, техникалық тексеру жүргізеді.

Ауылдық округ әкімдіктеріне тұрғындардан баспаналардың зардап шеккені туралы 104 арыз-шағым түскен. Тұрғын үйлерді тексеру жалғасып, шығын көлемі анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта облыстағы жағдай тұрақты екені айтылады.

Еске сала кетейік, 28 наурызда Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі болған еді. Оның қарқындылығы Мерке ауылында — 5.0 балл, Құлан ауылында — 4.0 балл, Шу қаласында — 2.0 балл шамасында болған.

Сол күні Мьянмада болған қуаты 7,7 және 6,4 магнитудалы жойқын жер сілкіністерінің салдарынан қазірге дейін 1644 адамның қаза тауып, 3408 адамның зардап шеккені айтылады. Зілзала Қытай мен Тайваньда да болған.

Келесі
Тасмағамбетов әлеуметтік желідегі сынға жауап беріп, елді айтпен құттықтады

Тасмағамбетов әлеуметтік желідегі сынға жауап беріп, елді айтпен құттықтады

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.