• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Қазақмыстың» кенішінде 7 адам құрбан болды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19.02.2025
«Қазақмыстың» кенішінде 7 адам құрбан болды
Share on FacebookShare on Twitter

17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішіндегі шахтада жер опырылып, жеті жұмысшы жер астында қалып қойды. 18 ақпан күні таңертең төтенше жағдайлар министрлігі жетеуі де қаза тапқанын, құтқарушылар оларды шахтадан алып шыққанын хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, марқұмдардың жеке басы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жеті жұмысшының сүйегі полицияға берілген. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр деді ТЖМ.

Азаттықтың хабарлауынша, «Қазақмыс» корпорациясы 17 ақпанда кабельдер үзіліп қалғандықтан жұмысшылармен байланыс жоқ деп хабарлаған еді.

Апат болған шахтаға «Серіктес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен құтқарушылар, Ұлытау және Қарағанды облыстарынан төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары, медицина қызметкерлері мен психологтар жіберілген.

Қазақстан үкіметі «Жомарт» кенішіндегі апатқа байланысты арнайы комиссия құрды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын комиссия апат себебін анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсетпек.

«Жомарт» кеніші – Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Онда мыс сульфиді өндіріледі.

«Қазақмыс» корпорациясының ірі акционері — Kazakhmys Copper. Оны миллиардер Владимир Ким (Forbes басылымы оның байлығын 3,6 млрд доллар деп бағалаған) және Эдуард Огайға (Forbes мәліметінше, 800 млн доллардың иесі) тиесілі Kazakhmys Holding Limited басқарады.

«Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның орталығында мыс өндіреді, кен байыту фабрикалары бар және Ұлытау облысындағы негізгі салық төлеуші әрі жұмыс беруші болып саналады. Корпорацияның мәліметінше, оның үш өндіріс орнында (Балқаш, Жезқазған, Қарағанды) шамамен 37 мың адам жұмыс істейді.

Келесі
Қазақстан мұнайының экспорты кемуі мүмкін

Қазақстан мұнайының экспорты кемуі мүмкін

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.