• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Инфляция үдеген сайын азық-түлік қымбаттап барады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
03.02.2025
Инфляция үдеген сайын азық-түлік қымбаттап барады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда инфляция үдеп, бір жылда 8,9 пайыз, бір айда 1,1 пайыз болды. Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы қаңтардағы инфляция туралы дерегі осылай дейді.

Елде бір жыл ішінде ақылы қызметтер бағасы 13,8 пайыз (2024 жылғы желтоқсанда – 13,3 пайыз), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 8,4 пайыз, азық-түлік бағасы 5,8 пайыз өскен.

2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда суық су тарифі 43,2 пайыз, су бұру – 26,1 пайыз, орталықтан жылыту қызметі – 23,1 пайыз, ыстық су – 21,3 пайыз, электр энергиясы – 18,9 пайыз, желілер арқылы таратылатын газ – 12 пайыз, қоқыс шығару 10,3 пайыз көтерілген.

Ұялы байланыс қызметтері – 16,8 пайыз, денсаулық сақтау қызметтері – 12 пайыз, қоғамдық тамақтану қызметтері 10,9 пайыз қымбаттаған.

Пойызда жол жүру құны 18,6 пайыз, қалада автобуспен жүру бағасы – 10,5 пайыз, ұшақ билетінің бағасы 7,2 пайыз қымбаттаған. Үйді жалға алып тұру бағасы 15,3 пайыз өскен. Киім бағасы 10,2 пайыз қымбаттаған.

Азық-түлік арасында картоп бағасы 59,3 пайыз, пияз – 25,1 пайызға, минералды және ауыз су – 16,7 пайызға өсті.

Аймақтар бойынша 2025 жылғы қаңтарда 12 өңірде инфляция деңгейі республикалық орташа деңгейден асқан, оның ішінде ең жоғарысы – Астана қаласы (11,2 пайыз) мен Қарағанды (9,9 пайыз), Батыс Қазақстан (9,7 пайыз), Солтүстік Қазақстан (9,6 пайыз) облыстарында.

Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында – 2,2 пайызға, ең төмені Алматы қаласы мен Түркістан облысында 0,7 пайызға жеткен.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында «көрпеге қарай көсілетін уақыт келді» деп, орынсыз шығынды тоқтатуға үндеген. «Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек» деген Тоқаев.

Бұдан бөлек, үкімет қосылған құн салығының мөлшерлемесі мен оны төлеушілер қатарын көбейтуді ұсынды. Былтыр салықты өсіруге қарсы болған президент биыл қолдау білдіріп, жылдамырақ енгізуді тапсырды. Сарапшылар салық ауыртпашылығы қарапайым тұтынушыға, салықты төлейтін бизнес иелеріне түседі дейді.

Былтыр күзден бастап Қазақстанда инфляция өсіп, долларға шаққандағы теңге бағамы әлсіреп жатқаны байқалады. Теңге әлсіреп жатқан шақта Ұлттық банк валюта нарығында доллар сатып, интервенция жүргізді. Жақында Қазақстан Ұлттық банкі инфляция өсуіне және теңге әлсіреуіне байланысты базалық мөлшерлемені 15,25 пайыз шамасында сақтап қалды.

Күнде өсіп жатқан инфляциямен күресу мақсатында мөлшерлемені төмендетпеу туралы шешім қабылданған. Бағаның өсуіне қызметтердің қымбаттауы, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы және теңгенің әлсірегені себеп болған деп түсіндірді Ұлттық банк.

Келесі
Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады

Ақтаудағы апат. Оқиғаның есебі 40 күннен соң жарияланды

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.