• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Солтүстіктегі АИТВ жұқтырған 10 бала жайлы айтылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
3 сентября, 2024
Солтүстіктегі АИТВ жұқтырған 10 бала жайлы айтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Солтүстік Қазақстан облысында адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясын жұқтыратындар саны артып отыр. Өңірлік АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталықтың мәліметінше, қазіргі уақытта дертті жұқтырған 1,4 мыңға жуық адам есепке алынған, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Орталықтың бөлімше меңгерушісі Қарлығаш Ақынованың айтуынша, адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясын (АИТВ) қазір жыл сайын жаңадан 100-ден астам адам жұқтырады. Бұрын жұқтырғандардың 90 пайызы ине арқылы есірткі тұтынатындар делінетін, қазір 50 пайызы жыныстық қатынас арқылы ауруға шалдыққандар екені анықталған.

«Қазіргі уақытта біздің бақылауымызда 10 бала бар. Олар ауруды аналарынан жұқтырған. Ескере кетер жайт, шамамен соңғы 5 жылдан бері бізде мұндай жайттар жаңадан тіркелген жоқ. Бізде АИТВ жұқтырған аналар жылда босанады, олар дер кезінде алдын алу емін алады. Нәтижесінде дені сау бала туады. Мұндай нәрестені біз 1,5 жыл бақылаймыз. Үш рет ПЦР-талдау жасап, ВИЧ бар-жоғын анықтаймыз, кейін бала 1,5 жасқа келгенде иммуноферменттік талдау жүргізіп, ауырмайтынына көз жеткізіп барып, есептен аламыз. Мұндай балалар бізде көп», — дейді орталық маманы.

АИТВ жұқтырғандар өмір бойы емделуі қажет. Қазіргі уақытта осы инфекцияны жұқтырғандар қабылдайтын препараттардың барлығы ауруды басуға, вирустың көбеюіне жол бермеуге негізделген. Вирустан толық құтқаратын ем әлі табылған жоқ.

2006 жылы Шымкенттегі ауруханалардың бірінде қан құю кезінде ВИЧ (адамның иммундық тапшылық вирусы) дертін жұқтырған 100-ден аса бала анықталып, 20-дан аса адам істі болған. Сол кезде денсаумин Ерболат Досаев қызметінен босаған.

Келесі
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

АЭС референдумына 15,5 млрд теңге керек

Соңғы жазбалар

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

6 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.