• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Марат Әйтеновті тістеп алған бұрынғы әйелі айыппұл төлейді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23.08.2024
Марат Әйтеновті тістеп алған бұрынғы әйелі айыппұл төлейді
Share on FacebookShare on Twitter

Тамыздың 23-інде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін бұрынғы әйелі Дана Атешоваға үкім шығарды. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

«Д. Атешова үйден мәжбүрлеп шығару кезінде үй иесіне қарсылық көрсетіп, М. Әйтеновті үйге кіргізбей, жәбірленушіні қасақана ұялы телефонымен соғып, оны тістеп алған. Салдарынан М.Әйтенов жарақат алды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді», — дейді елорда сотынан. 

Өз кезегінде прокурор М. Әйтеновтің бұрынғы әйеліне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды сұраған.

Ал қорғаушы тарап оқиға мен қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатуды талап еткен. 

Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмысы немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту, не болмаса 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Алайда сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас балалардың болуын және бұрын сотталмағанын есепке алған. 

«Сот істің мән-жайын ескере отырып, сондай-ақ сотталушының жеке кәсіпкер екенін, 3 жас баласының бары және жазаның өзге түрін тағайындау оның балаларының өмірі мен тәрбиесіне әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, сотталушы Д. Атешоваға 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады», — делінген сот үкімінде. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Естеріңізге салсақ, елорда тұрғыны Дана Атешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің полицейлермен және жеке сот орындаушылармен бірге үйіне келіп, балаларды бір-бірлеп үйден мәжбүрлеп шығарғанын, өзін соққыға жыққанын әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

Кейінірек Марат Әйтенов ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынды.

Содан кейін Марат Әйтеновтың бұрынғы әйеліне сот шешімі шықты.

Айта кетейік, Марат Әйтенов — Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтың туған бауыры. Мұрат Әйтенов 2020-2023 жылдары Шымкентті басқарған.

Былтыр қыркүйекте Президент Жарлығымен қызметінен босатылды.

Келесі
Қазақстанда қаржы бөлген Дуров Францияда ұсталды

Қазақстанда қаржы бөлген Дуров Францияда ұсталды

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.