• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Журналистің адвокаттары судьяның үкімімен келіспейтінін жариялады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 августа, 2024
Қамаудағы Думан Мұхаммедкәрімнің ауруханаға жатқызылғаны айтылды

Думан Мұхаммедкәрім (ортада). Abzal Dostiyar парақшасынан алынған сурет

Share on FacebookShare on Twitter

5 тамызда Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюрода «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деп айыпталып, жеті жылға бостандығынан айырылған журналист Думан Мұхаммедкәрімнің адвокаттары мен туыстары баспасөз мәслихатын өткізді. Олар журналистің айыбы дәлелденбеді деді. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлап отыр.

Адвокаттар Мұхаммедкәрімнің журналистикамен айналысып, билікті сынға алғаны оның үстінен іс қозғауға түрткі болды деп санайды. Адвокат Төлеген Берліқожа «іс заңсыз қозғалды, Думанды заңсыз қамады» деді.

– [«Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі Мұхтар] Әблязовпен сұхбатта Думанның сөзінде оны қолдау, оған келісу болмаған. Ол тыңдаушы ретінде сұрақ қойып, жауап алған. Сұхбатта Әблязов адвокат жалдауға халықтан көмек сұрап отырмын дейді. Думанның «500 теңге болса да қосу керек шығар» деген сөзі тілге тиек болып, іс қозғауға негіз болды, – деді Төлеген Берліқожа.

Адвокаттың айтуынша, істегі сарапшы журналистің сұхбатында «экстремизмді қолдау» бар деген қорытынды шығарған. Төлеген Берліқожа сарапшының арнайы сертификаты, лицензиясы болмады деді.

2018 жылы Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент ҚДТ-ны «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.

Сот Думан Мұхаммедкәрімге «Экстремизмді қаржыландыру» бабы (258-бап) бойынша – алты жыл, «Тыйым салынған ұйым ісіне араласу» бабы (405-бап) бойынша бір жыл жаза берген.

– 405-бап бойынша [айыптау үшін] әрекет болуы керек. Думанның өзі «партияларға қатысым жоқ, қатыспаймын» деп айтқан. Ешқандай дәлел болмады, сол үшін сотты әдейі жабық өткізді, – деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Адвокаттың сөзінше, Думан Мұхаммедкәрімді «саяси тұтқын» деуге бірнеше себеп бар.

– Біріншісі, сот процесі жабық өтті. Заң бойынша, істі жабық өткізуге ерекше себептер бар, бірақ Думанның ісінде ондай жоқ. Екіншісі, үкім шығарғанда Думанға болашақта қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салды. Ал Думан билікті сынады, – деді адвокат Нұрпейісов.

Журналистің тағы бір адвокаты Мұрат Жолшиев Қонаев соты шығарған үкімді «негізсіз» деп атады. «Сот үкімі толық шыққан соң апелляциялық шағым түсіреміз» деді ол.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналист Думан Мұхаммедкәрімді «саяси тұтқын» деп таныған. Ресми Астана елде «саяси тұтқын» да жоқ, саяси көзқарасына бола қудалауға түскен де ешкім жоқ дейді.

Құқық қорғаушылар «саясиланған іс» деп таныған журналистің жабық соты биыл ақпанда басталған. Сот кезінде Мұхаммедкәрім «тағылған айыпты жала» деп атап, «конституциялық құқығы бұзылғанын, тергеу амалдарының бірде-біріне қатыспағанын» айтып, сотты «цирк» деп атаған. Журналист «бұл менің аузымды жабу үшін ойдан құрастырған айып» деген. Ізінше прокурор сотты жабық өткізуді өтініп, судья қанағаттандырған. Журналистің жақтастары, белсенділер соттың жабық өтуіне қарсы болған.

Келесі
Беттен танитын камералар іске қосыла бастады

Беттен танитын камералар іске қосыла бастады

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.