• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Прокурор Думан Мұхаммедкәрімді 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
29 июля, 2024
Қамаудағы Думан Мұхаммедкәрімнің ауруханаға жатқызылғаны айтылды

Думан Мұхаммедкәрім (ортада). Abzal Dostiyar парақшасынан алынған сурет

Share on FacebookShare on Twitter

Қонаев қаласында жабық өтіп жатқан сот процесінде прокурор журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға бостандығынан айыруды және оған 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұрады. Бұл жөнінде Азаттықтың хабарлауынша, журналистің адвокаты Мұрат Жолшиев хабарлады. 29 шілдеде сотта жарыссөз басталды.

Журналисті қолдауға 40-қа жуық адам сот ғимараты алдында келген. Думан Мұхаммедкәрім өзіне тағылған айып пен соттың жабық өтуіне қарсы бірнеше рет аштық жариялап, істің саяси астары бар деп мәлімдеген.

«Не дейді?» YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім «Экстремизмді қаржыландырды» және «Тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деген күдікпен былтыр маусымда қамауға алынған.

Іске журналистің шетелде тұратын «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі, оппозиционер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған. Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент ҚДТ-ны «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.

Журналистің өзі және адвокаттары іс қозғалған сәттен бастап тағылған айыпқа келіспеді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналист Думан Мұхаммедкәрімді «саяси тұтқын» деп таныған. Ресми Астана елде «саяси тұтқын» да жоқ, саяси көзқарасына бола қудалауға түскен де ешкім жоқ дейді.

Думан Мұхаммедкәрім саяси ортада Қаңтар оқиғасынан кейін кеңінен таныла түсті. Ол – кемі 238 адамның өмірін қиған қырғын кезінде Алматыдағы дүрбелең ошағынан хабар таратқан санаулы журналистің бірі.

Қаңтар қырғынынан кейін Думан Мұхаммедкәрім YouTube-арнасында Қаңтар құрбандарының туыстарынан сұхбат алып, дүрбелеңнен кейін ұсталып, полицияда азапталған адамдардың көрген зәбірі жайлы жүздеген материал жариялады. Қаңтар оқиғасынан кейін Мұхаммедкәрімнің арнасын жұрт жиі қарайтын болды.

Келесі
«АстраЗенека» және Coventry University Kazakhstan стратегиялық әріптестік туралы келісті

«АстраЗенека» және Coventry University Kazakhstan стратегиялық әріптестік туралы келісті

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.