• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Screenshot

Share on FacebookShare on Twitter

Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді бес жыл түрмеге кесті. Сот Францияның бұрынғы президентін «2005-2007 жылдары оның сайлау кампаниясын Муаммар Каддафидің режимі қаржыландыруы үшін астыртын сөз байласты» деп таныды.

Азаттық радиосының хабарлауынша, осы істің «мемлекет қаржысын жымқыру», «жемқорлық», «кампанияны қаржыландыру ережесін бұзуға» қатысты эпизодтары бойынша экс-президент ақталды. Прокуратура оны жеті жылға соттауды сұраған.

70 жастағы Саркози тағылған айыптарды жоққа шығарады. Ол Францияны 2007-2012 жылдары басқарған және 2011 жылы Ливияға әскери басқыншылықты қолдаған. Ізінше Ливияда төңкеріс болып, Каддафи өлтірілді.

Бұл Саркозиге қатысты алғашқы сот процесі емес. 2021 жылы наурызда ол жемқорлық және ықпалды саудалау баптары бойынша кінәлі танылып, бір жыл түрме және екі жыл шартты жаза алған. Оның түрме мерзімі электронды браслет және ішінара үйқамақпен алмастырылған.

Сол жылы күзде Саркози 2012 жылғы кампанияны заңсыз қаржыландыру ісі бойынша тағы бір рет сотталды. Бастапқыда оған берілген бір жыл түрме кейін алты ай электронды браслетпен жүрумен алмастырылды.

Экс-президент былтыр 3 жылға сотталған еді.

Келесі
«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент "ұсталған" министрін Ақордаға алдыртты

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.