• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Шерзат ісі. Сотта оқиғаның видеосы көрсетілді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.05.2025
Шерзат Полаттың қазасы. Іс бойынша негізгі сот процесі 17 сәуірге белгіленді

Фото: Азаттық радиосы

Share on FacebookShare on Twitter

Кісі қолынан қаза болған 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі кезінде сотталушылардың бірі Нұрбол Тоқтаубаев тергеу кезінде берген жауабынан бас тартты. Оның сөзінше, тергеу кезінде оны адвокатпен қамтамасыз етпеген және қысым жасап, ұрған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

“Қысым көрсетті. Полиция, жедел қызметкерлері ұрды, соқты. Ол бойынша бірнеше рет арыз жазған болатынмын… Полиция бөліміне кіргеннен бастап жауап алуға дейін таяқ жедік… Қысқа нұсқа айтып өтейін: «киноға түсіреміз» деді. Алып шықты. Киноға түсірді. Біреудің үйіне кіргізді. Ол жерде біраз ұрып-соқты. Полиция басқармасы ішінде полиция қызметкерлері, жедел уәкіл қызметкерлері ұрды, өткен-кеткеннің бәрі ұрып, бізге “былай айтасың, былай айтасың” деп күш қолданды. Және Қаржаубайдың өзі де келіп, бәрімізді балағаттады. Қоқан-лоқы көрсетті. Ұрды. Оны растайтын куәгерлер отыр,”- деді Нұрбол Тоқтаубаев.

Оның адвокаты соттан азаптау фактісі бойынша шешім шығаруды өтінді. Ал прокурор шешім бұған дейін қабылданғанын, ол келесі отырыста белгілі болатынын жеткізді. Осылайша судья адвокаттың өтінішін орындамады.

Бейсенбі күнгі сот процесі кезінде сотталушылар Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтың адвокаты істе оларды күдікті деп тану туралы қаулы жоғын айтып, бұл сотталушылардың құқығын бұзады деп мәлімдеді. Осылайша істі прокурорға қайтаруды сұрады.

Ал судья заң бұзылмағанын айтып, адвокаттың өтінішін кері қайтарды.

Бүгін сонымен бірге бұған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен төбелес туралы видео да көрсетілді.

Видеода жерде отырып қалған Шерзатқа ұқсайтын баланың жанында әйел отырғаны көрінеді. Бірнеше минуттан кейін оларға Нұрғанат Ғайыпбаев жақындайды. Видеода “жедел жәрдем» шақырыңдар” деген айқай қатты естіледі. Бұдан кейін жаөспірім отырған жаққа бірнеше адамның жақындағаны көрінеді.

Прокурор Ержан Құрақбаевтың айтуынша, Шерзатты бірінші болып Белғожаев тебеді.

“Осы сәтте сол жағында анасы Бишімбиева отырады, оның ар жағында Белғожаев, Шынасыл мен Ілиясов Ғайыпбаевты, кейін Сакиев сүйреп сол жағына әкетеді. Сол жері құжаттармен анықталды. Шынасыл мен Сакиев оған пышақ жарақаттарын келтіреді,” — деді прокурор.

Істе 9 айыпталушы бар. Қылмыстық іс бас-аяғы 62 томнан тұрады.

Келесі
Түркия төрінде. Украина мен Ресейдің президентсіз келіссөзі өтті

Түркия төрінде. Украина мен Ресейдің президентсіз келіссөзі өтті

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.