• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Курскідегі курс. Ресей әзірге ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұраған жоқ

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15 августа, 2024
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Ресей Курскідегі жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан әскери көмек сұрамады, деп хабарлады Азаттық радиосы. 14 тамыз күні ҰҚШҰ-ның Азаттыққа жіберген жазбаша жауабында осылай жазылған.

«ҰҚШҰ қабылдаған процедураға сәйкес, ұйымға мүше ел әскери көмекті қажетсінсе, ұйымға ресми түрде қайырылуы керек. Курскідегі жағдайға байланысты Ресей тарабынан мұндай өтініш қазірге дейін түскен жоқ» деп жазылған ресми жауапта.

Ұйымның түсіндіруінше, әскери одақта ұжым әскерін қолдану мәселесі «консенсуспен» шешіледі – яғни, мұндай шешімге ұйымға мүше елдердің барлығы келісуі керек. Өйтпеген жағдайда шешім қабылданбайды.

«ҰҚШҰ мен Ресей арасында Курск және Ресейдің Украинамен шекаралас аумақтарындағы жағдай бойынша келіссөз жүргізілді ме?» деген сұраққа:

«Ұйым хатшылығы және Ресейдің тиісті мемлекеттік құрылымдары жұмыс тәртібі бойынша ақпараттармен алмасып отыр. Ресейдің шекаралас облыстарындағы жағдайды талқылау үшін ресми келіссөз немесе кездесу болған жоқ» деп жазылған ұйымның жауабында.

Жауапқа ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің қолы қойылған.

14 тамызда Ресейдің Новосибирск қаласында ҰҚШҰ-ның «Кобальт-2024» жаттығуы басталғаны хабарланды. ҰҚШҰ мәлімдеуінше, әскери жаттығуға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстанның арнайы жасағы, ішкі әскері мен есірткіге қарсы қызметі, апаттық-құтқару және өртке қарсы құрылымдары қатыспақ. Наурыз айында ҰҚШҰ-ның бас хатшысы биыл жеті әскери жаттығу өтетінін айтқан. Арасында «Кобальт-2024» жаттығуы да аталған.

Сыртқы жаудан, сын-қатерден бірлесіп қорғануды көздейтін, құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін бұл ұйым өз тарихында бір рет – 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға бірлескен әскер жіберген.

ҰҚШҰ-ға Ресей, Беларусь, Армения (биыл ақпанда Ереван Армения ҰҚШҰ-ға мүшелікті тоқтата тұратынын мәлімдеген), Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мүше.

Бұған дейін Таулы Қарабақта жағдай ушыққан шақта Армения ұйымнан әскери көмек сұрағанмен өтініші орындалмаған еді. Осыдан кейін ресми Ереван ұйымнан кететінін айта бастаған.

Айта кету керек, Украина президенті Владимир Зеленский 13 тамызда Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысында 74 елді мекенін бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген.

Оның сөзінше, «күрделі шайқастарға қарамастан» Украина әскері алға жылжып жатыр. Зеленский сонымен бірге украин күштерінің «алмасу қоры» да артқанын атап өткен. «Алмасу қоры» деп президент тұтқынға алынған ресейліктерді айтып отыр. Ол дегенмен қанша ресейлік солдат тұтқынға алынғанын айтпады.

Бұған дейін Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Украина президентіне Ресей аумағының мың шаршы шақырымы бақылауда екенін мәлімдеген: бұл Ресей әскері биыл Донецк және Харьков облыстарында басып алған аумақтан аз.

Десе де, бұл бағалау әзірге тәуелсіз дереккөздермен расталған жоқ, көптеген әскери сарапшылар мұны сынап та жатыр.

Жуырда Курск облысының губернаторы міндетін уақытша атқарушы Алексей Смирнов Ресей президентімен жиын кезінде украин күштері Ресейдің 28 елді мекенін басып алғанын мойындаған.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Халық өкімет бекіткен молданы “қызыл молда” деп атады

Халық өкімет бекіткен молданы “қызыл молда” деп атады

Соңғы жазбалар

«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025

24 сентября, 2025
Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

23 сентября, 2025
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

4 миллиард долларлық сауда. Трамп Тоқаевты құттықтады

23 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.