Aramedia.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
No Result
View All Result
Aramedia.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
No Result
View All Result
Aramedia.kz

Сотта үкім оқылды. Думан Мұхаммедкәрім прокурор сұраған 7 жылға кесілді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
02.08.2024
Думан Мұхаммедкәрім. Азаттықтың суреті

Думан Мұхаммедкәрім. Азаттықтың суреті

2 тамызда Қонаев соты «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты» деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жылға бостандығынан айырды. Бұл туралы хабарлаған Азаттыққа со шешімі жайында журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтты.

Бұған қоса, сот Думан Мұхаммедкәрімге үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салған. Адвокат Ғалым Нұрпейісов үкімге келіспейтіні жөнінде шағым түсіретінін айтты.

«Міндетті түрде апелляцияға береміз. Қазір Думанды Талдықорғанға әкеткелі жатыр», – деген адвокат.

Сот үкімі онлайн оқылды, оған ақапарат құралдары өкілдері мен Думан Мұхаммедкәрімнің жақтастары қатыса алмады. Сот процесіндегі тараптардың өздері үкім оқылған сот отырысына Zoom қосымшасы арқылы қатысқан.

Оқи отырыңыз

Иранмен зымыран атысы кезіндегі Израиль шығыны жарияланды

АҚШ баспасөзі Трамптың Иран ядролық бағдарламасын «жоя алмағанын» хабарлады

Мемлекеттігін мойындамайтын елмен мәміле. Иран мен Израиль бітімге қадам басты

Иран-Израиль қақтығысына АҚШ араласты. Тегеранның жауабы қандай болмақ?

Бір күн бұрын, 1 тамыздағы сот отырысында Думан Мұхаммедкәрім соңғы сөзін айтқан. Жабық өткен сот отырысынан шыққан соң Мұхаммедкәрімнің адвокаты Төлеген Бердіқожа журналистерге: «Думан сөзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, кінәсі дәлелденбегенін, ешқандай заң бұзбағанын айтып, наразылық білдірді» деген.

Сот үкімі онлайн оқылды, оған ақапарат құралдары өкілдері мен Думан Мұхаммедкәрімнің жақтастары қатыса алмады. Сот процесіндегі тараптардың өздері үкім оқылған сот отырысына Zoom қосымшасы арқылы қатысқан.Сот журналист Думан Мұхаммедкәрімге үкім шығаратын күннің қарсаңында екі белсенді қамалғаны белгілі болды.

1 тамызда Қонаев соты белсенді Абзал Достияров пен Бекзат Мақсұтханды 20 және 10 күнге қамады. Бейсенбі күні полиция Достияровты Мұхаммедкәрімнің сотына бара жатқан жолда ұстап, хаттама толтырған. Ізінше Қонаевқа жеткен кезде ұстап әкеткен, кешке сот өткен.

Дәл сол күні түске таман Бекзат Мақсұтханды полиция үйінен алып кетіп, хаттама толтырған. Кешке сот оны да әкімшілік жазаға тартқан.

Думан Мұхаммедкәрім саяси ортада Қаңтар оқиғасынан кейін кеңінен таныла түсті. Ол – кемі 238 адамның өмірін қиған қырғын кезінде Алматыдағы дүрбелең ошағынан хабар таратқан санаулы журналистің бірі.

«Не дейді?» YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім «Экстремизмді қаржыландырды» және «Тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деген күдікпен былтыр маусымда қамауға алынған.

Құқық қорғаушылар «саяси астары бар» деп атаған журналистің ісі бойынша сот процесі биыл ақпанда басталған. Сот процесі басталған кезде Думан Мұхаммедкәрім өзіне тағылған айыпты «жала» деп атап, «конституциялық құқығы бұзылғанын, тергеу амалдарының бірде-біріне қатыспағанын» айтып, сотты «цирк» деп атады.

Сонда судья сот процесін жабық өткізуді сұраған прокурордың өтінішін қанағаттандырған. Журналистің жақтастары, белсенділер соттың жабық өтуіне қарсы болды.

Қылмыстық іске журналист Мұхаммедкәрімнің көп жылдан бері шетелде тұрып жатқан оппозиционер, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған. 2018 жылы Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент ҚДТ-ны «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналист Думан Мұхаммедкәрімді «саяси тұтқын» деп таныған. Ресми Астана елде «саяси тұтқын» да жоқ, саяси көзқарасына бола қудалауға түскен де ешкім жоқ дейді.

Қаңтар қырғынынан кейін Думан Мұхаммедкәрім YouTube-арнасында Қаңтар құрбандарының туыстарынан сұхбат алып, дүрбелеңнен кейін ұсталып, полицияда азапталған адамдардың көрген зәбірі жайлы жүздеген материал жариялады. Қаңтар оқиғасынан кейін Мұхаммедкәрімнің арнасын жұрт жиі қарайтын болды.

БөлісуTweetSend

Ұқсас жазбалар

Жаңалықтар

Иранмен зымыран атысы кезіндегі Израиль шығыны жарияланды

Израиль Иранмен арадағы қақтығыс кезінде келген залалды 10 миллиард шекель (шамамен 3 миллиард АҚШ доллары) деп бағалады. Бұл сома қолданылған...

Автор: aramedia.kz
27.06.2025
Жаңалықтар

АҚШ баспасөзі Трамптың Иран ядролық бағдарламасын «жоя алмағанын» хабарлады

CNN телеарнасы мен New York Times басылымы Америка барлауындағы дереккөздерге сілтеп, АҚШ-тың Иранға жасаған соққысы Тегеранның ядролық бағдарламасының негізгі компоненттерін...

Автор: aramedia.kz
26.06.2025
Келесі

Қонаев заманында Қонаевты «дәріптеген» романға тыйым салынды

Соңғы жазбалар

Иранмен зымыран атысы кезіндегі Израиль шығыны жарияланды

27 июня, 2025

АҚШ баспасөзі Трамптың Иран ядролық бағдарламасын «жоя алмағанын» хабарлады

26 июня, 2025

Мемлекеттігін мойындамайтын елмен мәміле. Иран мен Израиль бітімге қадам басты

24 июня, 2025

Иран-Израиль қақтығысына АҚШ араласты. Тегеранның жауабы қандай болмақ?

22 июня, 2025

Иранда қазақтар тұратын Горган маңына зымырандар түсіп жатыр. «Қазақ-махалла» аман

20 июня, 2025
АЭС Франция

Біріншісін қойып, екінші АЭС жайында айтыла бастады

18 июня, 2025

Жоба туралы

«Ара-медиа» ақпарат құралы ретінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тіркеу нөмірі: № KZ29VPY00089814 29.03.2024

Facebook Youtube Instagram

© 2024 Aramedia.kz

Facebook-f Twitter Youtube Instagram

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2024 Aramedia.kz